03.05.2022

Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е. Оразалин айтты.

Алматыда 28 базар жаңғыртылды. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Е. Оразалин айтты.

Бүгінде қалада 52 базар жұмыс істейді. Онда 20 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жүргізеді.

«Қазіргі уақытта 25 млрд теңгеден астам инвестиция салынып, жұмыс орындарының саны 3,4 мыңға артты. Бүгінгі таңда 16 қалалық базарда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, олардың 4-і жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтайды («Байсат» - II кезең, «Қазына» - I кезең, «Кенжехан» - II кезең, «Барыс - 4» - II кезең)«, – деді Е. Оразалин.

Е. Оразалиннің сөзінше сауда жағдайларын жақсартып қана қоймай, антисанитарлық және стихиялық сауданы тоқтатып, базар қызметкерлері жұмыс берушілерден жалақы мен қажетті әлеуметтік аударымдарды ала алады.

«ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шараларға қатысты бүгінде бұл мәселе басқарманың ерекше бақылауында тұр. Біз бар күшімізді қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға күш жұмсаудамыз«, – деді ол.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.