Алматыда «Қазыбек-бек» станциясына дейін жүретін жолаушылар пойызы қайта іске қосылады

03.08.2022

Жол жүру құны - 80 теңге.

3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы  қайтадан күн сайын жүретін болады.

3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан сағат 9.30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10.07-де жөнелтіледі.

Жол жүру ақысы поездың ішіндегі жолсеріктерге ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.

Қызмет көрсетуші компания: «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.