03.08.2022
Жол жүру құны - 80 теңге.
3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы қайтадан күн сайын жүретін болады.
3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан сағат 9.30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10.07-де жөнелтіледі.
Жол жүру ақысы поездың ішіндегі жолсеріктерге ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді. Жол жүру құны - 80 теңге.
Қызмет көрсетуші компания: «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС.
Дереккөз: Almaty.tv.