04.11.2016

3 1275425281

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі — Орталық) Басқарма Төрайымы Жанна Төлегенова Алматыдағы «Қауіпсіз қала» бағытының дамуы туралы баяндады.

2012 жылдан бастап Алматыда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесі жұмыс істеп келеді. Бұзушылықтарды камера тіркеп тұрады, шот тәртіп бұзушының тұратын мекен-жайы бойынша жіберіледі. «Осылайша, сыбайлас жемқорлық факторының төмендеуіне ықпал етуде жүргізушілер мен полиция қызметкерлерінің байланысы ұштастырылмайды», - деп атап өтті Ж. Төлегенова.

Қазіргі уақытта Алматының 70 жол қиылысында, тоқтау сызығына өтіп кету, 34 учаскеде - жылдамдықты арттыру бойынша жазбалар белгіленіп отыр. 3 жыл ішінде 28,6 млрд теңгеге шаққан 2 млн бұзушылық тіркелді.

Айта кету керек, жобаның бірінші жылында жүргізушілер есептелген айыппұлдардың жалпы санының 30%-ын ғана төлесе, екі жыл ішінде жауапкершілік деңгейі 2 есе өсіп, қазір 60%-ға жуығы төлеу үстінде. Сонымен қатар, нұсқамалардың 40%-ы әлі күнге дейін орындалмаған, ал бұл жергілікті бюджеттің шамамен 11 млрдын құрайды», - деді брифинг барысында Жанна Төлегенова. Мысалы, оның айтуынша, 11 млрд теңгеге 200 жаңа автобус сатып алуға болады.

Сонымен қатар, Алматыда тіркелмеген тәртіп бұзушыларға қатысты мәселе қалып отыр. »Бұған қатысты жұмысты күшейту қажет. Осыған байланысты тағы да 152 жол учаскесін (960 камера) бақылауға алу және «қаладан шығу» кезін де белгілеу жоспарлануда»,— деді Орталық Төрағасы.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті бақылау мақсатында 1 000 камера орнатылады және ІІД Ахуалдық орталығының жұмысы күшейтіледі. Бүгінде қалада сауда-саттық және іскерлік орталықтарда, аулаларда, саябақтарда 56 мыңға жуық камера бар. «Біздің міндетіміз олардың барлығын бір талдау жүйесіне біріктіру»,— деді Ж. Төлегенова.