Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты. Ол тегін ПТР тестілеуден жүкті әйелдердің, науқаспен байланыста болғандардың және клиникалық белгілері бар тұлғалардың тегін өтулері қарастырылғанын атап өтті.
«Мен мұнда ешқандай кедергіні көріп тұрған жоқпын, әр емханада учаскелік дәрігер, кезекшілер бар, сондай-ақ 24/7 телемедицина орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы сізге көрсеткіштер бойынша толық жауап береді және ПТР-тестілеуден қайда және қалай тегін өту керектігін айтады», – деді Алматының ҚДС басшысы.
Нариман Табынбаевтың айтуынша, вакциналаудың көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, инфекцияларға қарсы күресте екпе салудан өзге бірде бір тиімді әдіс жоқ.
«Қосымша айтарым, біздің тарапымыздан мұғалімдер арасында екпе егу науқаны жүргізілуде. Бүгінде педагогтардың 100%-ы екпе алды. Осындай жұмыс жоғары оқу орындарында да жүргізілуде. Студенттерді вакциналаумен қамту жалпы санның 28%-ын құрайды. Студенттердің көпшілігі басқа сырттан келетініне байланысты (167 мың студенттің 100 мыңнан астамы) иммундау жұмысы нашар жүріп жатыр», – деді Н. Табынбаев.
Айта кетерлігі, өткен тәулікте 5 001 адам вакцина алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адамның саны 96 553 адамды құрайды.
«Бізде Sinovac-қа үлкен сұраныс бар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келіссөздер жүргізілді. Жақын арада Sinovac вакцинасын жеткізу туралы ақпарат алдық», – деп қорытындылады сөзін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
ҚДСБ басшысы Алматының барлық тұрғындарын тез арада КВИ-ге қарсы вакциналауға шақырды. Өйткені бұл қауіпті аурудың тез таралуына төтеп берудің жалғыз жолы.
Еске салсақ, Алматыда екпе пункттерінің кең желісі ашылған және күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе жүргізуге мүмкіндік бар.
2021 жылдың 1 ақпанынан 27 шілдеге дейінгі аралықта Алматыда екпенің I компонентін 690 711 адам алды. Мегаполистегі медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен).
Соңғы тәулікте қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 250 науқас тіркелді. Соның 1 166-сы симптомсыз, 84-і симптомды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі