Алматының көптеген педагогтары коронавирусқа қарсы екпе алды. Қаланың білім беру мекемелерінің басшылары вакцина туралы өз пікірлерімен бөлісті және қала тұрғындарына жақындары мен өздеріне қамқорлық көрсетуге шақырды.
Д.А. Қонаев атындағы колледж директоры Райхан Бөлекбаева КВИ-ге қарсы екпе алғанын айтты. «Менің ойымша, бұл өзіңді және басқаларды вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі. Барлық қазақстандықтарды да вакцина алуға шақырамын. Біз білім беру саласының қызметкерлері ретінде балаларға сапалы білім беру үшін онлайн оқыту форматынан офлайн режиміне көшкенін түсінеміз. Өйткені, біз олармен өзара араласуымыз керек», - деді.
Алматы қаласы Білім басқармасының №95 жалпы білім беретін мектеп директоры Сабирова Айнұр Жұмағазықызы да СOVID-19 ауруына шалдыққан. Ол бүгінде мектеп мұғалімдерінің 80%-ы вакцина алғанын айтты.
«Біз екпе алдық өйткені оқушыларды сағындык. Барлық азаматтарды вакцина салуға шақырамын, себебі дені сау ұлт- біздің болашағымыз. Сондықтан мектептер біздің оқушылар үшін және еліміздің болашағы үшін ашылуы тиіс», - деді Айнұр Сабирова.
Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Тайтулеев Төлеуғали Мұхамеджанұлы өз әріптестеріне қолдау көрсетіп, барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды.
«Мен вакцина салдыру керек деп ойлаймын. Мен вакцинаның бірінші дозасын наурыздың басында, ал екіншісін сәуірдің басында алдым. Мен үшін бұл ең алдымен азаматтық парыз болды: қоғам алдындағы парыз, студенттер мен отбасым алдындағы борыш. Сондықтан вакцина алу қажет. Халықтың басым бөлігі вакцина рәсімінен өткен кезде біз қалыпты өмірге оралатынымызға сенімдімін», - деді Төлеуғали Тайтулеев.
Еске салсақ, мұғалімдерді ерікті вакциналау 2021 жылдың 3 наурызында басталды.
Алматыда КВИ-дан барлығы 351 497 адам екпе алды, оның ішінде 5 168 полиция қызметкері, 25 427 педагог, 30 630 дәрігер. Бүгінде медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарда базарлар мен қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді. 1 260 адамнан тұратын 308 екпе бригадасы бар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі