Almaty Mount Fest-2022 ұйымдастырған бизнес-форумға әлемнің сегіз елінің өкілдері келді

06.09.2022

Алматы Mount Fest-2022 халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Тау туризмі мен спортты насихаттауға арналған шара Алматы қаласында өтті. Спорттық жарыстардың негізгі орындары – туриадалар, таудан төмен түсу, скайраннинг және «Медеу» және «Шымбұлақ» альпиниадалары болды. Ал қорытынды күні ұйымдастырушылар тау курорттарын дамытудағы өзекті шешімдерді талқылауға бағытталған ауқымды бизнес-форум өткізді.

3 және 4 қыркүйекте өткен туриадалар, таудан төмен түсу, скайраннинг, альпиниада жарыстарда бас аяғы 2000-нан адам қатысты. Олар Бішкек, Алматы, Алматы облыстары, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан және т.б. келген қатысушылар. Қатысушыларды арнайы таулы маршруттарда түрлі таулы рельефтер, биіктіктердің өзгеруі, сондай-ақ спорттық толқулар күтіп тұрды. Бұл ретте ұйымдастырушылар бағдарламаға тек кәсіпқой спортшылар ғана емес, сонымен қатар, жаңадан бастаушылар мен ашық ауада әуесқойлар да қатыса алатынын қадағалады.

Ал Almaty Mount Fest-2022 фестивалінің соңғы күні бизнес-форум өтті. Шара тау курорттарының дамуы мен проблемалары жайлы талқылайтын болады. Іскерлік іс-шараға барлығы Қазақстан, Австрия, Франция, Ресей, Швейцария, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның туризм индустриясының мамандары және онымен байланысты салалардың 200-ден астам өкілі қатысты.

«Алматы қаласының әкімдігі Іле Алатауының тау шоғырын жүйелі түрде дамытып келеді. Осы орайда Алматы Mount Fest халықаралық фестивалін өткізу жақсы дәстүрге айналды. Өйткені, оңтүстік астана Қазақстанның ең ірі мегаполисі және келетін шетелдік туристер саны бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. Әрбір екінші қонақ Алматыға келеді. Ал мұндай шаралар, әрине, қаламыздың туристік тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді,» - деп Туризм басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ, форум аясында өткен Алматы облысының экономикалық және туристік әлеуеті туралы баяндамасында Австрияның Masterconcept компаниясының басшысы Гернот Лейтнер  біртұтас тау құру идеясына сараптамалық баға берді. Алматыдағы туристік орталық, сондай-ақ Австрияда жүзеге асырылған осындай жобаны мысалға ала отырып, оған қажетті шарттар мен кезеңдерге тоқталды. Ол Алматының нарықтық әлеуеті жоғары екенін атап өтті. 4 сағаттық ұшу радиусында 114 миллион әлеуетті тұтынушы бар. Ал таулы курорттардың болжамды кірісі 2030 жылға қарай жылына 290 миллион АҚШ долларын құрауы мүмкін.

Сонымен қатар, Қырғызстанның тау курорттары қауымдастығының өкілі Анна Симонова Қазақстан Республикасы және Орталық Азия курорттарымен әріптестік орнату мүмкіндіктерімен бөлісті.

 

 

 

Ақпарат көзі: https://rsk.almaty.kz/news/1669