Алматы және Сингапур Smart City және стратегиялық жоспарлау Меморандумына қол қойды

28.11.2017

DDD 7321

«Алматы - 2020» даму Бағдарламасын жүзеге асыру аясында SmartAlmaty енгізу және іске асыру бойынша әкімдіктің жобалық кеңсесі - »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Сингапур Singapore Cooperation Enterprise мемлекеттік агенттігімен меморандумға қол қойды. Меморандум SmartCity және стратегиялық жоспарлау тұжырымдамасын дамыту саласында ұзақ мерзімді, нәтижелі және өзара тиімді серіктестік қатынастарды орнатуды көздейді.

Тараптар қалалық көлік ағындарын басқару бойынша ақпараттық технологияларды енгізу, қауіптілігі жоғары объектілердің сандық мониторингі – өрт, ауыл-, сейсмо-қауіпті объектілердің жай - күйін жинау, талдау және болжау, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік (адамдар көп жиналатын жерлерде, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейне талдау элементтері бар жолдарда бейнебақылау жүйелерінің көмегімен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді жүйесін іске асыру), BigData – қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау және болжау жүргізу және сапалы басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпараттық деректер ағындарын біріктіру, OpenData – мемлекеттік органдар қызметінің анықтығын арттыру; қала инфрақұрылымының энергия тиімділігін арттыру және медицина және білім беру саласында қызмет көрсету тиімділігін арттыру бойынша ақпараттармен бөлісіп отыруға келісімге келді.. Осы бағыттар бойынша, сонымен қатар, мамандарға арнап оқыту бағдарламаларын жүргізу жоспарлануда.

Екі қала арасындағы ынтымақтастық туралы құжатқа »Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Руслан Асаубаев пен Singapore Cooperation Enterprise директоры Конг Ву Мун қол қойды.

Сонымен қатар, Singapore Cooperation Enterprise бен Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы Басқармасы арасында меморандум жасалды, оның шеңберінде тараптар тиімді қалалық ортаны дамытуды, стратегиялық қала құрылысын жоспарлау мен Алматы қаласының мастер-жоспарын әзірлеуді қоса алғанда, Сингапур үлгісінде Алматының жаңа Бас жоспарын әзірлеу және енгізу туралы келісті. Ынтымақтастық шеңберінде алмасу бағдарламалары мен қалалық жоспарлаудың үздік тәжірибелерін іске асыру көзделген.

Анықтама:

Singapore Cooperation Enterprise үкіметтік агенттігі шет мемлекеттермен байланыстарды қарқынды дамыту мақсатында, 2006 жылы Сингапур Республикасының Сыртқы істер, сауда-саттық және өнеркәсіп министрліктерімен  құрылған. Қазіргі уақытта Агенттік шетелдік серіктестердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын бағдарламалар мен шешімдерді әзірлеу үшін 15 министрлікпен және Сингапурдың 60-тан астам мемлекеттік билік органдарымен жұмыс істейді. Оның есебінде әлемнің 30-дан астам елі мен өңірлерінде, атап айтқанда Қытайда, Таяу Шығыста, Солтүстік және Латын Америкасында 150-ден астам табысты жоба бар.