03.02.2026

24 желтоқсанда Алматы даму орталығында қоғамдық экологиялық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында экологиялық бастамаларды дамыту және азаматтық сектормен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында қоғамдық ұйымдар экологиялық іс-шараларды өткізуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қала тұрғындарын тұрақты тәжірибелерге тартуға бағытталған жобаларды іске асыруға байланысты бірқатар практикалық мәселелерді көтерді.

Талқылау қорытындысы бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері Recycle Бірге экологиялық іс-шарасын өткізуге арналған алаңды анықтауға жәрдем көрсету туралы Алматы даму орталығына өтініш білдірді. Алматы даму орталығы бұл мәселені жедел түрде пысықтауға кірісіп, өз құзыреті шеңберінде іс-шара өткізілетін орынды анықтауға ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде Recycle Бірге іс-шарасы 25 қаңтарда Балуан Шолақ атындағы спорттық-мәдени кешеннің алаңында өтті.

Кездесуге қатысушылар диалогтың сындарлы сипатын және қалалық құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы уақтылы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Алматы даму орталығы мұндай өтініштерді қалалық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде қарастырады.

Алматы даму орталығы сондай-ақ өз құзыреті мен қолданыстағы бағдарламалар аясында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын экологиялық іс-шаралар мен бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысуға дайын екенін білдіреді.

Кездесу жұмыс сипатында өтті және экологиялық бастамалар мен қаланың тұрақты дамуы саласындағы одан әрі өзара іс-қимылға негіз қалады.

ТӨРАҒА БЛОГЫ