Алматы қаласын дамыту орталығында отандық кино мен сериал өндірісін дамытуға, сондай-ақ заманауи контент қалыптастыруға атсалысып жүрген киноиндустрия және қоғамдық сектор өкілдерімен кездесу өтті.
Талқылау ашық форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар саланың негізгі мәселелерін — инфрақұрылым мен түсірілім процесін ұйымдастырудан бастап, жергілікті жобаларды қолдау және қалалық құрылымдармен өзара іс-қимылға дейінгі бағыттарды көтерді. Диалог мазмұнды, нақты әрі практикалық шешімдерге бағытталған сипатта өтті.
Кәсіби қауымдастықтың ұсыныстарына ерекше назар аударылды. Индустрия өкілдері Алматы қаласында киножобаларды өндіруге қолайлы, ашық және тиімді орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.
Кездесуге актриса және продюсер Венера Нигматулина, Aldongar Production продюсері Әлия Увальжанова, кинорежиссер Серік Әбішев, Unico Play киноиндустрия департаментінің басшысы Рустам Юсупов, продюсер, медиаменеджер және мәдени бастамаларды ұйымдастырушы Ануар Кенжибаев және басқа да сала өкілдері қатысты.
Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері кәсіби қауымдастықпен тұрақты диалог жүргізу саланың нақты қажеттіліктерін ескеруге және мәдениет саласындағы қалалық бастамаларды іске асыру барысында тиімді өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұндай кездесулер өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Талқылау барысында айтылған барлық ұсыныстар мен бастамалар жан-жақты қарастырылып, алдағы жұмыста пайдаланылатын болады
