Алматы қаласын дамыту орталығында жобалық басқаруды модернизациялау шеңберінде сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік іс-шаралар өткізілді

26.01.2026

Алматы қаласын дамыту орталығында жобалық басқаруды модернизациялау аясында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік іс-шаралар өткізілді.

Жұмыс Алматы қаласы әкімдігінің жобалық офисі арқылы жүзеге асырылып, квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы антикоррупциялық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Іс-шараларға «Алматыэлектротранс» ЖШС қызметкерлері, соның ішінде кадрлық мамандар мен комплаенс-офицер қатысты.

Негізгі назар кәсіпорын ішінде антикоррупциялық жұмыс ұйымдастырудың практикалық мәселелеріне аударылды. Қатысушыларға антикоррупциялық заңнама талаптары түсіндіріліп, алдын алу механизмдерін енгізу тәсілдері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқару әдістері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылды.

Талқылау барысында қызметкерлер күнделікті қызметте кездесетін типтік жағдайлар қаралып, ұйымның ерекшеліктерін ескере отырып қолданбалы шешімдер ұсынылды.

Мұндай іс-шаралардың ішкі антикоррупциялық механизмдерді нығайтуға және басқару процестерінің ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететіні атап өтілді.