Кездесу барысында жоспарлау және іске асыру кезеңдеріндегі негізгі стратегиялық жобалар қаралып, олардың орындалуының ағымдағы кезеңдері талқыланды. Басқару тиімділігі, құрылымдық бөлімшелер арасындағы үйлестіру және белгіленген мерзімдердің сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Басқарма төрағасының орынбасары стратегиялық жобалар бойынша жауапты тұлғалардың бөлінісін қайта қарап, өзектендірді. Жауапкершіліктің жаңа аймақтары даму басымдықтарын, қызметкерлердің құзыреттерін және кросс-функционалды өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігін ескере отырып айқындалды.
Жобаларды басқарудағы жаңартылған тәсіл процестердің ашықтығын арттыруға, дербес жауапкершілікті күшейтуге және Орталықтың стратегиялық бастамаларын сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Кеңес нәтижеге бағытталған, конструктивті форматта өтіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпал ететін жобаларды одан әрі дамытуға басымдық берілді.
