Дәстүр бойынша сәрсенбі күні «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ алаңында қаланың жетекші HR-мамандарының қатысуымен сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға ірі компаниялардың өкілдері, ұйымдық даму жөніндегі консультанттар және адами капиталды басқару саласының сарапшылары қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – миллениалдар мен Gen Z буындары арасындағы өзара іс-қимыл ерекшеліктері, корпоративтік мәдениеттің трансформациясы және өзгермелі іскерлік орта жағдайындағы жаңа басқару тәсілдері болды.
Қатысушылар төмендегі мәселелерді талқылады:
• буындар арасындағы құндылықтар мен уәждемедегі айырмашылықтар;
• буынаралық қақтығыстардың себептері;
• тиімді командаларды қалыптастырудың заманауи құралдары;
• ұйымдардың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі HR-дың рөлі.
Сондай-ақ көшбасшылық құзыреттерді дамытуға және жас мамандардың үміт-ожиданияларына бейімделе алатын икемді басқару модельдерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Тиімді адами капиталды қалыптастыру – мегаполистің орнықты дамуының негізгі факторларының бірі. Осындай сараптамалық кездесулерді өткізу озық тәжірибелер алмасуға және қаланың кәсіби қауымдастығын нығайтуға ықпал етеді.
