Мегаполис тұрғындарымен коммуникация тиімділігін арттыру мақсатында қалалықтардың әлеуметтік желілерде жарияланған және Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштеріне жедел әрекет ету жұмысы жүргізіліп жатыр.
Өтініштердің 94%-ке жуығы аудандық әкімдіктер мен қалалық тиісті басқармаларда жедел шешіледі. Сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік жұмысына, құрылыс сапасына, жолдар мен тротуарлардың жағдайына, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен инженерлік желілерге қатысты.
Қалалық бұқаралық ақпарат құралдары және Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қала тұрғындары «Алматы» телеарнасындағы апта сайынғы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде сұрақтарын қоя алады. 2020 жылы 96 бағдарлама тікелей эфирге шығып, оның барысында қала тұрғындарының 2,4 мың сұрағына жауап берілді.
Үстіміздегі жылы 6 тікелей эфир өтті, оның біріне қала әкімі қатысты. Эфирлер барысында қала тұрғындары қойған 165 сұраққа жауап берілді.
Қала әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында 2020 жылы Алматы әкімдігінің бірінші басшылары арасынан 623 спикердің қатысуымен 356 баспасөз шарасы өтті. Баспасөз мәслихаттары барысында спикерлер журналистердің 3048 сұрағына түсініктеме берді.
Баспасөз іс-шараларының қорытындысы бойынша 24 мыңнан астам материал жарияланды, барлық телеарналарда 1,5 мыңға жуық телесюжет көрсетілді. Үстіміздегі жылдың қаңтарында 84 спикердің қатысуымен 45 баспасөз шарасы өтті. Журналистердің 293 сұрағына қатысты түсініктем берілді, 1000-нан астам материал жарияланды.
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев аталған мәселені саралай келіп, мегаполис тұрғындарымен арадағы жұмысты күшейтуді, Open Almaty қоғамдық қабылдауының тиімділігін арттыруды тапсырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі