2021 және одан кейінгі жылдары Алматы индустриялды аймағында 35 жобаны іске қосу жоспарланған. Жобалардың жалпы құны 151 млрд теңгені құрамақ, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүзеге асырылатын жобалардың қатарында металл құрылымдарын өндіру, шиналарды шығару, сүт және ірімшік өнімдерін, медициналық бұйымдарды, газды өрт сөндіру жүйелерін, жөргектерді, пластикалық профильдерді, шыны пакеттерге арналған аксессуарларды, алюминий және биметалл жылу радиаторларын, көлік-логистикалық және тарату орталықтарын өндіру бағытындағы бастамаларды іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, индустриялық аймақта 20-дан астам кәсіпорын экспортқа бағытталған өнім шығаратын болады.
Алматы индустриялды аймағы 2012 жылы құрылған. Индустриялық аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және, бірінші кезекте, Алматы қаласында өнеркәсіптің басымды бағыттарын дамытуға арналған – ол машина жасау, тамақ, жеңіл, фармацевтика және химия өнеркәсіптері, құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар, қаланың тұрғын аудандарынан өнеркәсіп кәсіпорындарының орын ауыстыруына, технологиялық, инновациялық өнім шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға артықшылық көрсетіледі.
Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 490 га құрайды, оның 326 га (инфрақұрылымға 164 га) жобаларға бөлінді. Бүгінде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 268,2 га (57,8 га еркін) қарастырылған. 260 млрд.теңгеге 58 компания резиденттер болып табылады, оның ішінде шетелдік қатысумен 18 компания (Қытай, Ресей, Жапония, Иран, Малайзия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ). Осылайша 8,5 мың жұмыс орнын құру көзделген.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 67,4 млрд теңге болатын 12 кәсіпорын іске қосылды, нәтижесінде 1 669 жұмыс орны құрылды: «BRBAPK» ЖШС жылыжай кешені, қағаздан жасалған қаптар өндіру бойынша «Almapack Co.LTD» зауыты, «DOC Co.LTD» ЖШС ұйымдастыру техникасына арналған картридждер өндіру зауыты, «TOKYO ROPE ALMATY» ЖШС инженерлік қауіпсіздік жүйелерін өндіру зауыты, «KMK Investment» ЖШС кабельдік өнім өндіру зауыты.
Ал, өткен жылы Алматының индустриялды аймағында 848 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 42,4 млрд теңге болатын 7 жоба іске асырылды. Олардың ішінде «KazTigerTape» ЖШС скотч және стрейч-пленка өндіру зауыты, «ASSET» ЖШС полимерлік бұйымдар өндіру зауыты, «ЭНКО» ЖШС жылумен-сумен жабдықтау жабдықтарын өндіру зауыты, «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар өндіру зауыты, «Техновид» ЖШС энерготиімді сәулет қасбеттерін шығару зауыты, «МПЗ Бижан» ЖШС ет өнімдері мен жартылай фабрикаттарды өндіру зауыты, сондай-ақ «Алмерек» ЖШС бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру зауыты бар.
Айта кету керек, индустриялық аймаққа қатысушы компаниялар салық жеңілдіктері мен кедендік преференциялар, мемлекеттік заттай грант, 7 жыл мерзімге жылдық 2-ден 7%-ға дейінгі жеңілдікті несие алу мүмкіндігіне ие.
Мекенжайы: Алматы қаласы, «Алғабас» ықшамауданы, 7-көше, 142/26
+7 (727) 237 69 13
+7 (727) 237 69 11
Ақпарат көзі: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі