Сайысқа 380-нен астам колледж студенттері қатысады.
Алматыда қала колледждерінің 21 алаңында WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды және 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.
Іс-шара «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында WorldSkills International құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan Ұлттық қозғалысын қолдау және жұмыс кәсіптерін таныту мақсатында өткізіледі.
Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380-нен астам колледж студенттері қатысады. Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында токарлық жұмыстар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, сонымен қатар тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету және т. б.
Чемпионаттың бір ерекшелігі – DeafSkills және Абилимпикс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. DeafSkills және Абилимпикс құзыреттері бойынша чемпионат аясында 6 құзырет бойынша 25-тен астам адам қатысады.
500-ден астам тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер сарапшы ретінде қатысады.
Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. Халықаралық чемпионат 2023 жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының білім басқармасы және «WorldSkills Almaty» ұйымдастыру комитеті
Дереккөз: Almaty.tv.