19.01.2024

Әр ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау орталықтары жұмыс істейді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада инклюзивті білімге басымдық берілетінің айтты.

Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағы: Мен балаларға инклюзивті білім беретін әрі күніне 25-30 адам келетін мектепке көмек көрсетуді өтінемін. Бұл - күндізгі орталық. Орталықты жабдықтауға бізде 40 млн теңге көлемінде қаражат бар, бірақ үй-жай жоқ. Қазіргі уақытта »Бақытты отбасы» кеңсесі орналасқан Зенков, 15 орталығы берілсе немесе Сауранбаевтағы нысандардың бірінші қабаттарынан да болуы мүмкін.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев: »Сізге кездесулер сайын қалада инклюзияны арттыру мәселелерін жүйелі түрде көтеріп отырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Мен үшін олар әрқашан басымдыққа ие. Аудан әкіміне тапсырма беремін. Орталықты құруға қаражатыңыз бар-жоғын ескере отырып, не істеуге болатынын қарастырамыз. Аудан әкімдігі мәселені екі апта бойы қарайды, содан кейін маған баяндайды«.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі »Алматы» телеарнасының эфирінде сурдо сүйемелдеуімен өтті. Бұл қала басшысының мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін Алматы қаласын бейімдеу жөніндегі бастамасының бір бөлігі.

Алматы әкімдігі қалада барлық қажетті жабдықтармен инклюзивті орта құруға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіруге және бейімдеуге бағыт алған еді. Әр ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау орталықтары, оқу және білім беру мекемелері белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ әлеуметтік бағыттағы объектілер мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жайластырылады. 

Бұдан басқа, Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен мүгедек адамдарға арналған нысандарды бейімдеу жобасы жүзеге асырылуда. Ол үшін мегаполисте 2023 жылдан бастап алғаш рет әлеуметтік нысандарды паспорттау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.