16.02.2023

Жаңадан құрылған жас саяси ұйым атынан алдағы сайлауда 23 кандидат бақ сынайды.

Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясы ұсынған тізімнен тағы 2 адамды алып тастады. Олар »Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес келмегендіктен ұсынымнан шеттетілген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Жаңадан құрылған жас саяси ұйым атынан алдағы сайлауда 23 кандидат бақ сынайды. Қатарында 8 әйел, жастар мен мүгедектігі бар жандар бар.

«Республика партиясы 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен »Сайлау туралы» Конституциялық заңның талабы сәйкестігіне тексеру жүргізді. Орталық сайлау комиссиясында екі кандидаттан оларды осы партияның партиялық тізімінен өз еркімен шығару туралы өтініші ресми түрде тіркелді«, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына ең көп кандидат ұсынып отырған Аманаттың партиялық тізімін де Орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Аталған саяси ұйым алдағы додаға 90 адамды ұсынған болатын. Оның 32,2 пайызы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар жандар екен. Орталық сайлау комиссиясы бұл адамдардың барлығы сайлау туралы конституциялық заң талабына толықтай сай келеді дейді. Сонымен қатар, AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылған.

«Парламент мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс берген сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылы 10 қаңтарда өткен парламент мәжілісі депутаттарын сайлауда Аманат бұрынғы Нұр Отан партиясы сайлаушылар дауысының 71,10 пайызын алған«, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.