26.01.2023

Ол қаланың тарихи-мәдени мұрасы тізіміне енгізілген.

Н. Сац атындағы театр алдағы уақытта күрделі жөндеуден өтеді. Ол қаланың тарихи-мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Қала әкімімен кездесуге келген Н. Сац атындағы театрының әртісі Ольга Коржева ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтерді.

«2025 жылы Н. Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 80 жылдығын тойлайды. Ғимараттың сыртқы және ішкі желілері 90 пайызға тозған. Тарихи ғимарат қашан жаңартылады? Сондай-ақ театр заманауи жабдықтарды қажет етеді», – деді Ольга Коржева.

Ерболат Досаев Сац атындағы театрдың қала өмірінде алатын орны ерекше екенін атап өтті. 2021 жылы ғимарат қаланың тарихи мұрасы ретінде танылды.

«Күрделі жөндеуге қаражат бөлінді, бірақ мен жобадан бас тарттым. Мердігерлер ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Менің ойымша, бұл театрға пайда әкелмейді. Мен Мемлекет басшысына сыртқы қасбетін күрделі жөндеуден басқа, қосалқы ғимарат салуға конкурс жариялауды ұсындым. Театрға жаңа сахна керек. Тұжырымдама мен дизайнға байланысты байқау осы жылдың мамыр айына дейін аяқталады деп ойлаймыз», – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, содан кейін жоба әзірленеді.

«Театрдың шығармашылық ұжымын 80 жылдыққа дейін күрделі жөндеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз деп сендіргім келеді», – дейді Ерболат Досаев.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.