Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматыға жұмыс сапары кезінде №140 гимназияда қаланың 180 мемлекеттік және жекеменшік мектеп директорларымен кездесу өткізді

11.10.2022

Кездесуде жалақы төлеу жүйесі, оқуда артта қалған балалармен жұмыс, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мектеп психологтарының жұмысы, мұғалімдердің аттестациядан өту ережелері, ата-аналармен жұмысты нығайту, педагогтерді қайта даярлау мүмкіндіктері, жаңа МЖМБС және т.б. сияқты мәселелер талқыланды. Мектеп басшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар колледж директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларымен де кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Әріптестеріммен дуалды оқытуды дамыту, тәлімгерлік қызметке ақы төлеу, жан басына шаққандағы қаржыландыру, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру, инклюзивті білім беруді дамыту, сондай-ақ ТжКБ және балабақшалардағы тамақтану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Колледж директорларының негізгі мәселесі ТжКБ-да оқу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне қатысты болды. Бұл стандарт шын мәнінде қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті А. Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрі әріптестеріне қызықты және мазмұнды пікірталас үшін алғысын білдірді. Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деді.

 

 

 

Дереккөз: Алматы қаласы білім басқармасы