Digital Almaty форумының екінші күні өтіп жатыр.
Бүгін бесінші мерейтойлық халықаралық Digital Almaty форумының екінші күні өтіп жатыр. Ауқымды шара аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары кездесіп, IT саланы дамыту мәселелерін талқылады.
Пленарлық сессияда Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекетінің премьер-министрлері сөз алып, пікірін білдірді. Олар бірауыздан бұл форум Еуразиядағы ең маңызды IT-шараның біріне айналғанын айтты. Өйткені бұл сала барлық ел үшін маңызды. Еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, IT-нарықты дамытуға Үкімет мүдделі.
«Қазақстан мемлекеттік басқаруда цифрлық трансформациялау жолымен келе жатыр. Бүгінде біз FinTech және GovTech сияқты салаларда әлемдік деңгейдегі жобаларды жүзеге асырудамыз. Біздің еліміз цифрлық шешімдердің күнделікті өмірге енуінің жоғары деңгейіне жетті. Бұл мемлекеттің ашықтығы мен бизнес технологиясының арқасында мүмкін болды. Цифрландыру – елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды», – деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.
Дереккөз: Almaty.tv.