Елімізде 3,3 мыңға жуық мектепте лицензияланған күзет қызметі жоқ

20.02.2023

Қазақстанда 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ. Бұл туралы ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов мәлімдеді.

Министрлікте өткен брифингіде БАҚ өкілдері Серік Құспановтан еліміздегі қанша білім беру ұйымы лицензияланған күзет жүйесімен қамтылғанын сұрады.

«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша тиісті лицензиясы бар күзет ұйымдары 3 404 мектеп пен 1 371 балабақшаны күзетеді. Оның ішінде дабыл жүйесі арқылы жедел әрекет ететін мобильді топтар арқылы 2 050-ге жуық мектеп пен 790 балабақша күзетіледі. Қалған объектілер физикалық күзетпен қамтылған», - деп жауап Серік Құспанов.

Оның айтуынша, елімізде 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар.

Жоғарыда айтылған мәліметтерде ескере отырып, ол Қазақстандағы тағы 3 298 мектеп пен 4 214 балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ екенін атап өтті.

«Оқу орындарында лицензияланған күзеттің болмау себебі мәселесі бойынша күзет қызметтерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатты негізге алу қажет. Өйткені жеке күзет ұйымдары оларды ақылы негізде көрсетеді», - деп түйіндеді ол.

 

 

 

Дереккөз: inform.kz