Бұл жайында «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директорының орынбасары Айнұр Сарбаева айтып берді.
Экологиялық тепе-теңдікті тұрақты сақтау үшін қалалық экожүйені біріктіріп, биоәртүрлілікті қамтамасыз ететін қаланың тұрақты «экологиялық» қаңқасы жасалады. Бұл жайында «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директорының орынбасары Айнұр Сарбаева мәлімдеді.
Оған жаңа рекреациялық аймақтар мен қаланы тау бөктерінен ойпаттарға дейін кесіп өтетін және қаланың табиғи желденуіне жағдай жасайтын «жасыл» өзен дәлізі кіреді.
Ауаның желдетілуі мен атмосферадағы ластаушы заттардың сейілу деңгейін жақсарту мақсатында, ауа айналымының бұзылуына жол бермеу үшін желдің бағытын ескере отырып, қаланы одан әрі дамыту жөнінде шешімдер қабылданады. Жел режимін ескере отырып, құрылыс салудың бас жоспарына түзетулер енгізілетін болады.
Қаланың қазіргі жасыл қоры (шамамен 26 мың га) жылына орта есеппен 1,3 млн тоннаға дейін шаң жинайды, 16 мың тоннаға дейін оттегін өндіреді. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады – зиянды заттардың кері әсерін азайтудың ең тиімді шарасы жасыл қорды сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту болып табылады.
Операторлар (табиғатты пайдаланушы кәсіпорындар) Экология кодексінің нормалары шеңберінде жаңа технологияларды, оның ішінде заманауи шаң-газды тазарту қондырғыларын енгізетін болады.
Белгіленген санитариялық-гигиеналық нормаларға қол жеткізілмеген жағдайда кәсіпорындар Индустриялық аймаққа немесе Алматы агломерациясының басқа аудандарына көшірілетін болады (санитариялық-қорғау аймақтарының белгіленген көлемі сақталады).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және шамадан тыс рекреациялық жүктемені болдырмау үшін оларға көліктің экологиялық таза түрлерімен ғана кіруге рұқсат етіледі (қазіргі уақытта ауыстырып-отыруға арналған тұрақтар бар және электр таксилері жұмыс істейді), қоршаған ортаға кері әсер ететін объектілерді көптеп салуға рұқсат берілмейді.
Жаңа бас жоспарда міндеттерді шешу үшін:
1. Негізгі табиғи шекаралар бойынша қала аумағын оңтүстіктен солтүстікке қарай кесіп өтетін сызықтық саябақ белдеулерін құру.
2. Аллеялар, бульварлар, ауқымды бағыттағы демалыс аймақтары жүйесін ұйымдастыру.
3. Жаңа бақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар, сондай-ақ әуе бассейнін сауықтыруға тиімді әсер ететін ірі саябақ кешендерін құру, сондай-ақ ендік әрі меридиандық бағыттарда өзара байланысты саябақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар және басқа да ашық кеңістіктер жүйесін құру.
4. Қазіргі скверлерді реконструкциялау, кеңейту, абаттандыру және қалпына келтіру, жаңа әсерлі ландшафттар құру көзделген.
Сондай-ақ, жаңа бас жоспарда қала маңындағы рекреациялық аймақтарға үлкен көңіл бөлінген.
Қалада шамамен 2,5 млн жаңа ағаштың отырғызылуы маңызды.
Қаланы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу бізге Оңтүстік астанаға Мемлекет басшысының Алматыға сапары кезінде атап өткен «бақша қала» атағын қайтаруға мүмкіндік бермек.
Дереккөз: Almaty.tv.