15.03.2023

Бұл бүкіл Орталық Азиядағы іскер әйелдер үшін айтулы оқиға болды.

Бүгін Almaty Management University (AlmaU) аймағында «TechnoWomen Central Asia: Өзіңе сен!» екінші Алматы форумы өз жұмысын бастады.

Форумда жыныстық стереотиптерді жеңуге, әйелдердің IT саласындағы қызметіне және оларға қажетті барлық машықтарды дамытуға байланысты сұрақ талқыланатын болады.

Форумның бас серіктесі «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Сатиеваның сөзіне сүйенсек, TechnoWomen Central Asia форумының екінші рет қана ұйымдастырылуына қарамастан, ол Орталық Азияның кәсіпкер ханымдары үшін ерекше маңызды іс-шараға айналды.

«Біздің Форум өңірімізде спикерлер мен іс-шара қатысушыларының барлық назары әйелдерге, олардың іскерлік әлеуетіне, идеялары мен олар тап болатын қиыншылықтарға аударылған ерекше алаңға айналды. Бүгінгі таңда TechnoWomen форумының шеңберінде біз барлық осы сұрақтарды ашық талқылаймыз, өзара тәжірибе алмасамыз және бір-бірімізге идеяларымызды жүзеге асыруға қажетті уәждеме береміз. Аталған себептер Форум маңыздылығын арттыруға өз септігін тигізді», – деді Сатиева ханым.

Осы жылы іс-шараға Қазақстанның, Қырғызстан мен Өзбекстанның танымал және табысты ханымдары қатысып, TW Talks нысанында IT саласындағы мамандықтар мен трендтер, сонымен бірге осы салада қалай мансап құруға болатындығы туралы айтып береді. Бұған қоса стартапқа инвестицияларды тартуға, істің дұрыс қаржылық моделін құру мен нарықта өздерінің IT-өнімдерін жылжытуға қатысты тәжірибелік ұсынымдар беріледі.

Мысалы, Қазақстанның ірі қаржылық ұйымдарында көптеген жылдар бойы жетекші лауазымдарды атқарған «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ибрагимова әйелдерге табысқа жетуге не кедергі келтіретіндігі туралы ойымен бөлісіп, өз ұсынымдарын берді.

Ол: «Табыс жолындағы негізгі кедергі, ең алдымен, адамның өзі. Егер мақсат пен жоспар нақты болса, оларды жүзеге асыру бірізділігі мен мақсатқа жетуге табандылық ету таңғаларлық нәтижеге алып келеді. Өздеріңізге сеніңіздер!», – деді.

Ал Techno Women ассоциациясының Президенті Азиза Шужеева кез келген елдің экономикасын дамытуға әйелдің маңызды рөлін атап өтті.

«Біздің Techno Women ұйымымыз Орталық Азияның әйелдерінің кәсіби дамуын және цифрлық құзыретінің арттыруын қалайды. Егер өңірімізде прогрессивті әйелдердің саны артса, біздің экономикамыздың сапасы және қоғамдағы уәждеме өзгереді. Бүгінгі таңда біз осы бағытта белсенді түрде жұмыс істейміз, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге қызмет жасаймыз, ЖОО-ның өкілдерімен бірлесе отырып, арнайы бағдарламаларды әзірлейміз. Әйелдердің адами капиталының сапасын жақсартуды маңызды деп санаймыз, себебі ол арқылы еліміздің және Орталық Азияның дамуына қол жеткізе аламыз», – деп сарапшы ханым өз пікірімен бөлісті.

Учёт.кз экожүйесінің негізін қалаушы Максим Барышев TechnoWomen Central Asia секілді ауқымды форум өте пайдалы және қажетті іс-шара деп санайды.

«Бүгін біз гендерлік стереотиптерді жеңу, әйелдердің IT саласындағы қызметімен байланысты сұрақтар жан-жақты талқылауға қатыстық. Бұған дейін әйелдердің іскерлік әлеуетін талқылауға бағытталған мұндай нысандағы алаңдар болған емес. Мен мұндай іс-шаралардың көбеюіне өте қуаныштымын», – деді Барышев мырза.

Қырғызстаннан келген спикеріміздің бірі әйелдердің денсаулығын жақсартуға және NB FIT жаттығуларында кәсіби көмек алуға мүмкіндік беретін фитнес бойынша онлайн-платформасының негізін қалаушылардың бірі және CEO Сырга Тилекова жеке істі бастаған кезде табысқа кенелуге ешкім кепілдік бермейтіндігін, алайда қажырлы еңбек, белсенді іздеу мен сәттілік оң нәтижеге алып келетіндігін атап көрсетті. Оның «Стартапты қалай іске қосуға болады?» тақырыбы аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды, себебі NB FIT әлемнің 73 еліндегі пайдаланушылары бар Қырғызстанның алғашқы Femtech жобасы болып табылады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, әрі Techno Women негізін қалаушыларының бірі Асем Нургалиева TechnoWomen Central Asia форумының маңызды артықшылығына өңірдегі мемлекеттердің АТ саласындағы табысты әйелдерінің оқиғасымен танысу мүмкіндігі жатады деп санайды.

Ол: «Біздің және мемлекеттің ортақ мақсаттарымыздың біріне 2025 жылға таман Қазақстанды 100 мыңға жуық АТ мамандарымен қамтамасыз ету жатады. Біз әйел ретінде бұл көрсеткішке тіпті дәл қазір балаларымызды тәрбиелеу және АТ саласына басқа саладан жас қыздарды тарту арқылы қайта бейіндеу арқылы әсер ете аламыз. Біз болашақ ұрпақты қалай көргіміз келсе, өзіміз де сондай болуға тырысуымыз керек», – деп атап өтті.

Techno Women негізін қалаушылардың бірі, Documentolog Global Company ЖК басқарма төрағасы, әрі жобаларды басқару мен ақпараттық жүйелерді енгізу саласындағы 15 жылдық жұмыс өтілі бар Мадина Дусмагамбетова ұқсас тезисті қатысушылардың назарына ұсынды. Спикер өзінің «Route 66: әзірлеушіден (developer) топ-менеджерге бастаған мансап жолы» тақырыбымен қатысушыларды таныстыру барысында IT саласында мансапты әрбір адам құра алатындығы, ең бастысы, өз күшіне сеніп, қажырлы еңбек ету маңызды екендігі туралы айтты.

Ол: «Әйелдерге IT саласында қызмет етуге қорықпау қажет. Өзіңізге «Мен болашақтың мамандығын меңгеруді, жақсы табыс табуды және өзіме жаңа челлендж қоюды қалаймын ба?» деген қарапайым сұрақты қойыңыз. Егер «Иә» деп жауап берсеңіз, сіздің қолыңыздан бәрі келеді», – деді.

«TechnoWomen Central Asia: Өзіңе сен!» форумы Алматы қ. екінші рет өткізілуде. Іс-шара кәсіпқой қоғамдастығы мен ИТ саласына қызығушылық білдірушілердің, әйел кәсіпкерлігі мен стартаптарды басқарумен айналысатын тұлғалардың назарын аударып келеді. Осы жылы Форум «Еуразиялық банк» АҚ (бас серіктес), Учет.kz (ресми серіктес), Almaty Management University (ресми серіктес), «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС мен Documentolog Global Limited (digital серіктестер), сонымен бірге салауатты өмір салтына және шығармашылыққа арналған тау ауыз суы Shymbulak Waters (ресми серіктес) секілді ұйымдардың қолдауымен өтті.

«Techno Women Central Asia: Өзіңе сен!» форумының ақпараттық серіктестері:

Profit KZ - IT әлеміндегі жаңалықтармен, қазақстандық IT-нарықтың шолуларымен, IT-компаниялардың алдағы оқиғалары мен акциялару туралы ақпаратпен бөліседі, сонымен бірге қазақстандық АТ-бизнесіндегі компаниялардың толық анықтамалығын жариялайды.

Digital Business - Жоба IT қоғамдастықты дамытуға, өзара тілдесуге, практикалық тәжірибемен және пікірлермен алмасуға бағытталған.

BlueScreen - BlueScreen порталынан технологиялар, ойындар, киберқауіпсіздік, әлемдік трендтер, software, hardware, қосымшалар және т.с.с. Қазақстанның IT-нарығындағы оқиғалар туралы өзекті жаңалықтарды табуға болады.

ER10.kz - Бизнес, стартаптар мен IT-технологиялар туралы интернет басылым әлемді өзгерте алатын немесе оны жақсартуға көмек көрсетуі ықтимал батыл және өршіл жобалар туралы жазады.

Steppe - Стартаптар, бизнес, әуесқойлық пен жаңа технологиялар туралы жазатын қазақстандық сайт сонымен қатар фильмдерге, әуендер мен кітаптарға шолу жасайды. Осылайша сайт кең ауқымды аудитория үшін әмбебап және қызықты қорға айналды.

АНЫҚТАМАЛЫҚ ҮШІН: TechnoWomen қоғамдық бірлестігі (https://technowomen.kz) – бұл әйелдерге олардың цифрлық әлемде өз орнын табуға көмектесетін платформа. Қоғамдастық қыздар мен бойжеткендерді STEM пәндерін, бағдарламалау, робототехниканы оқытуға және оларды ғылыми қызметке белсенді түрде қосуға көмек көрсету арқылы ғылым мен экономиканың технологиялық салаларында жыныстық тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.