Алматыдағы полицияның сервистік моделі: кадрлар осында даярланады

28.09.2023

Қазақстанда қоғамға қызмет көрсетуге және қолдауға бағытталған полицияның сервистік моделі белсенді түрде енгізілуде. Алматы – бұл модельді іс жүзінде жүзеге асыра бастаған қалалардың бірі. Қалада жаңа модель аясында заманауи учаскелік полиция пункттері мен сервистік орталықтар ашу жоспарлануда.ҚР Ішкі істер министрлігінің кадрларды даярлайтын Академиясы айналысатын  маңызды іс ерекше көзқарасты талап етеді.

Өткен жылдың желтоқсан айында Академия қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының «Полиция қызметінің сервистік тәсілдері» бағдарламасын әзірледі. Курстың мақсаты полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізу жөніндегі тұжырымдамалық негіздерді зерделеу арқылы құқық бұзушылыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін жүктелген міндеттерді неғұрлым сапалы орындау мақсатында аға жедел уәкілдер мен жедел уәкілдердің біліктілік деңгейін арттыру, теориялық және практикалық дағдыларды дамыту болып табылады.

Бағдарлама қатарынан 3 оқу модулінен тұрады, олар: «Әлеуметтік-құқықтық дайындық», «Кәсіби дайындық» және «Арнайы дайындық».

Зерттелетін материалдың мазмұнына байланысты тыңдаушыларға сабақ өткізудің түрлі формалары ұсынылады: лекциялар, практикалық сабақтар, тренингтер, тестілеу, жұмыс және нормативтік құжаттарды талдау.

«Академия тыңдаушылары Алматы қаласының ПД, ұлттық сарапшылармен, Алматы қаласы әкімдігінің жобалық офисімен және ҚР ІІМ-мен ынтымақтастықта полицияның жаңа сервистік орталықтары үшін стандарттарды әзірлеуге белсенді қатысады. Олардың аудандардағы ағымдағы жағдайларға белсенді қатысуы, тәжірибесі мен білімі азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған неғұрлым бейімделген және тиімді сервистер құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Мақан Есболатов атындағы Алматы Академиясы бастығының орынбасары. Ержан Бимолданов.

Атап өтерлігі, полицияның сервистік моделі аясында жергілікті бюджет есебінен 2026 жылға дейін Алматыда «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша жұмыс істейтін 30 заманауи учаскелік пункт пен 16 сервистік орталық ашу жоспарланған.