Алматы полициясында Ауған жерінен әскердің шығарылуының 34 жылдығын атап өтті

16.02.2023

15-ақпан Совет Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылғанын күніне 34 жыл толуына орай Алматы полициясыда айтуылы күнді атап өтіп, қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.

«Жеке қүрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ПД бөлімше қызметкерлері дәстүрлі түрде Ауған соғысына қатысушыларға барып тұрады. Біз Ауған соғысы ардагерлерінің аман есен жүргендіктеріне қуанамыз. Олар әрқашан жас полиция қызметкерлеріне өздерінің көрген шайқастары туралы ынтамен айтады. Бұл полиция қызметкерлерінің айбынын көтеріп, патриоттық сезімін оятады. Ал біз өз кезегімізде ардагерлерімізді ұмытпаймыз«,-деп мәлімдеді, Алматы қалалық ПД Кадр саясаты Басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Арнұр Ақылбеков.

Сонымен қатар, полиция Департаментінде ІІО-ы мен жас полицейлердің қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.

«Алматы полицейлерінің қатарында Ауған жерінде әскери борышын өтеген полиция қызметкерлері жетерлік. Бұлар қиын тағдыр мен сұрапыл соғысты бастан кешірген жай ғана қарапайым адамдар. Олар Отан алдындағы өз міндеттері мен қызметтік борышын адал атқарған кәсіби тұлғалар. Бүгінгі шараға жас полиция қызметкерлерінің қатысуы тегін емес. Олар аға буын өкілдерінің жүріп өткен жолынан үлкен өнеге алулары тиіс«, - деді полиция подполковнигі Арнұр Ақылбеков.

 

 

 

Дереккөз: Алматы қаласының Полиция департаменті