АҚДО «Платформа» жобасының аясында тұрғын үй инфрақұрылымының мүгедектер үшін қолжетімділігі мәселелерін талқылады

26.12.2023

2023 жылы Алматы қаласын дамыту орталығының қала құрылысын дамытудың түрлі мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бизнестің бірлескен жұмысын талқылау, ортақ шешімдерді әзірлеу және бірлескен жұмысын күшейту бойынша қызметі жеке қалалық «Платформа» жобасына бөлінді.

21 желтоқсанда «Платформа» аясында жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің қолжетімділігі мәселелеріне арналған бірінші талқылау өтті. Шараға қоғам өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және әкімдік өкілдері, соның ішінде Алматы қалалық мүгедектер қоғамы; «Кедергiзiз KZ» мүгедектер қоғамы; «Жақсылық» мүгедектер қоғамы; Қазақстанның лифт операторларының ұлттық қауымдастығы ; Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі және т.б. қатысты.

Бүгінде Алматыда тұратын мыңнан астам адам мүгедектер арбасын пайдаланады. Олардың кейбіреулері үшін мамандандырылған көтергіштердің/пандустардың жоқтығынан немесе қолданыстағыларының дұрыс жұмыс істемеуінен жеке пәтерлерінен шығу қиынға соғады. Бұл шектеулер мүгедектердің тұрғын үйлерге кедергісіз қол жеткізу құқығын бұзады, сондай-ақ оларды тәуелсіз өмір салтын жүргізу және қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатысу мүмкіндігінен айырады (Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялады).

Бүгінгі күні бұл мәселені шешу бірқатар себептерге байланысты қиынға соғуда, соның ішінде ведомствоаралық үйлестірудің нақты механизмнің, қаржыландыру көздерінің және жүк көтергіш құрылғыларды орнатуға және одан әрі пайдалануға жауапты тұлғалардың болмауы. 

 «Платформа» жобасының механизмі азаматтардың, әкімдіктің, кәсіпкерлердің, сарапшылар қауымдастығының проблемаларды анықтауда, шешімдер қабылдауда, ресурстарды іздеу принципін анықтауда және ортақ мүдделер үшін жауапкершілікті бөлуде «қатысушылығын» білдіреді. Біз «Платформаның» бірінші талқылауын қала әкімдіг қызметінің маңызды бағыттарының бірі – жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді өмір сүру ортасын құруға арнадық. Әрқайсымыз үшін қолжетімділік тұрғын үйден, кіреберістен, ауладан басталады, одан кейін жол желісі, қоғамдық көлік және әлеуметтік инфрақұрылым. Сондықтан, Платформа аясында біз бірінші кезекте уәкілетті органдар мен қаржыландыру көздерін ведомствоаралық үйлестіру механизмін көрсете отырып, тұрғын үйлерді бейімдеудің қалалық бағдарламасын құру туралы ұсыныс жасадық», - деді «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы.

Атап айтқанда, бағдарламаның әкімшісін және құрылғыларды орнату мерзімдерін, жүк көтергіш құрылғыларды орнатуға мүгедектердің өтініштерін қарайтын комиссиялардың жұмыс алгоритмін, қаражатты тарту арқылы жобаны бизнес қауымдастығы мен жеке меценаттар тарапынан ықтимал қаржыландыруды, сондай-ақ құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді аудан қала әкімдіктеріне беру шарттарын анықтау ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша АҚДО барлық ұсыныстарды жинады, кейін олар қала әкімдігінің қарастырылуына жіберіледі.

«Мен «Платформа» жобасы шынымен де жайлы, қауіпсіз қалалық ортаны дамыту және әрбір тұрғынның қолайлығы үшін қажетті жағдай жасау бойынша шешімдерді талқылау және табудың негізгі арналарының біріне айналғанын қалаймын, өйткені тек бірлескен күш-жігер ғана барлық мүдделі тараптар синергетикалық әсер бере алады. АҚДО сарапшылары көпқабатты үйлерді лифттермен және пандустармен қаржыландыру және қамтамасыз ету механизмі бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпкерлердің бірі, «Луч» ЖШС директоры Әлихан Айнашев Түрксіб ауданының тұрғынына ұсынылған механизмінің пилоттық жобасы ретінде лифт орнатуды қаржыландыруды ұсынды», - деп бөлісті Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Богдан Джепка.