Қазақстанда Жібек жолы университеттері Альянсының IT-технопаркі құрылады

20.11.2018

КБТУ2

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматыдағы университеттерді аралады. Студенттермен, оқытушылармен және жоғары оқу орындарының профессорларымен кездесу барысында ол цифрлық технологиялар саласындағы жаңа мамандықтардың дамуын, киберқауіпсіздік, процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Суперкомпьютерлік және бұлтты есептеулер орталығы базасында әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орнын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсының халықаралық IT-технопаркін құру бойынша техникалық шарттар әзірленіп жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, IT-технопаркі білім, ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық пен инновацияларды тартудың жаңа орталығына айналады.

КазНУ

Ғ. Мұтанов сондай-ақ цифрлық университет құру аясында жоғарғы оқу орны қызметін автоматтандыруға бұлтты технологиялар, кампус инфрақұрылымын басқаруға Smart-технологиялар, ал сараптамалық жүйені қалыптастыру үшін Big Data технологиялары енгізілгенін айтты.

«Біз университеттің барлық бизнес-үдерістерін басқарудың интеграцияланған жүйесін құрдық – «E-кампус» оның ашық және біртұтас тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. «Univer» ақпараттық жүйесінің арқасында бүгінгі таңда барлық оқу үдерістері (сабаққа қатысу, үлгерім, сабақта және емтихандабаға қою), бос білім гранттары мен жатақханалардағы орындарды бөлу рәсімдері ашық бола түсті. «Оқытушы-студент»өзара қарым-қатынас жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін жоятын студенттердің жетістіктерін бағалаудың жаңа әдістері мен технологиялары енгізілген. «Univer» жүйесі негізінде «е-қызметтер» жобасы жүзеге асырылуда, ол «біртерезе» қағидаты бойынша 500-ден астам қызметті жылдам және сапалы алуға мүмкіндік береді, олардың ішінде медициналық, оқу-білім беру, әлеуметтік - тұрмыстық, eGov және т.б.», - дей келе, Ғ. Мұтанов цифрлық технологиялар қабылдау комиссиясының жұмысына да белсенді енгізіліп жатқанын, мысалы шетелдік студенттер оқуға түсу үшін ЖОО сайтында қашықтықтан тіркеліп, құжаттар тапсыра алатынын атап өтті.  

КазНУ2

А. Жұмағалиев бастаған делегация сонымен қатар Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) IT саласында кадрлар мен жобаларды дайындау бойынша қызметімен танысты. Қонақтар Киберқауіпсіздік орталығына, Мультимедиялық технологиялар орталығына, студенттерді жұмысқа орналастыру жөніндегі Fircroft кеңсесіне, сондай-ақ автоматтандыру және басқару саласындағы жетекші компаниялармен бірлесіп құрылған мамандандырылған зертханаларға барды.

Бұл Emerson зертханасы — «Өнеркәсіптік жүйелерді бақылау процесін автоматтандыру», онда мұнай-газ саласындағы қысым мен температураны басқару жүйесінің өнеркәсіптік стендтері ұсынылған, өнеркәсіптік бақылаушылармен жабдықталған Siemens – Programmable Logic Controllers Lab зертханасы, Huawei ақпараттық және желілік технологиялар академиясының зертханасы, сондай-ақ бірегей тренажерлық құралдармен және симуляторлармен жабдықталған Қазақстантеңіз академиясының зертханалары.

«Киберқауіпсіздік мәселелері бойынша оқу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін біз Huawei компаниясымен және «Касперский зертханасымен» ынтымақтастықты бастадық, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге маманданған PositiveTechnology компаниясымен лицензиялық шарт жасадық. Келешекте біз KMG Automation, Honeywell және Schneider-Electric сияқты компаниялармен бірлескен зертханалар ашуды жоспарлап отырмыз», - деді ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев. Жүзеге асырылған жобалар арасында жоғарғы оқу орнының басшысы «ҚазМұнайГаз»ҰКАҚ диспетчерлік орталығын атап өтті, ол мұнай өнімдерін өңдеу, логистика және сату бизнес-процестерін жеңілдетеді, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ диспетчерлік басқару, теңгерімді қалыптастыру және есептеу жүйесі, олар өндірістің өзіндік құнын, энергия тиімділігін және экологиялығын бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ «SmartCity Almaty» Шеберлік жоспары – оның аясында 2018-2021 жылдары қаланы дамытудың алты бағыты бойынша Алматыдағы 70-тен астам кәсіпорын зерттелді. Соның негізінде мегаполисті дамытудың 5 жылдық бағдарламасы дайындалды.

АУЭС

Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) вице-премьерғылыми зертханалар мен оқу кабинеттерін аралап шықты, университет оқытушыларыменжәне студенттермен әңгімелесті. А.Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған студенттер мен магистранттардың ғылыми әзірлемелеріне қызығушылық танытты.

АЭжБУ ректоры Сәуле Сағынтаева ғылыми қызмет, кадрлық әлеует, цифрландыру жобалары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша халықаралық ынтымақтастық және студенттерді АКТ бойынша жобаларға тарту туралы айтып берді. «Жоғарғы оқу орнының оқу үдерісінде АКТ бойынша 80 зертхана пайдаланылады. Соңғы үш жылда ІТ-мамандықтар мен киберқауіпсіздікпен байланысты пәндер бойынша жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын зертханалық-техникалық базаны жаңғырту жүргізілді. Мысалы, талшықты-оптикалық байланыс желілері бойынша жабдықтар және GPON оптикалық қатынау аппаратурасы, WireShark бағдарламалық қамтамасыз етумен ақпараттық-коммуникациялық желілер технологияларын құру және зерттеу принциптерін зерделеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен, i7 соңғы буындағы компьютерлер және тағы басқалар. Биылғы оқу жылында IT мамандықтары үшін 25 млн теңгеге зертханалық-оқу жабдықтарын сатып алу жоспарланған», - деді С. Сағынтаева.

АУЭС2

АЭжБУ ректоры сондай-ақ жоғарғы оқу орнында R&D орталығы, 10 ғылыми-зерттеу зертханасы, біліктілікті арттыру институты, Орталық Азия мен Балтық елдері бойынша CISCO аймақтық академиясы, Oracle академиясы, Microsoft аймақтық академиясы, «AUPET Innovation» инновациялық орталығы, бизнес-инкубатор, робототехника және 3D-принтинг мектебі сәтті жұмыс істейтінін атап өтті.

АЭжБУ студенттері белгілі вендор – «Касперский зертханасымен» және ірі кәсіпорындарды цифрландыруға арналған жабдықтарды жеткізуші – «Торнадомен» бірлесе құрылған зертханаларда ақпараттық технологияларды зерттейді.

Satbayev University ұжымымен кездесу барысында А.Жұмағалиев университеттің еншілес ұйымы – Цифрлық техника және технологиялар институтының ғылыми-өндірістік базасыментанысты. Вице-премьер жасанды интеллект саласындағы бірегей әзірлемелерге және үлкен деректерді өңдеу жөніндегі IT-шешімдерге ерекше назар аударды.

«Satbayev University базасында Big Datа талдау зертханалары, жасанды интеллект, сондай-ақ әлемдік компаниялардың тәжірибесін ескере отырып, зерттеулер мен конструкторлық жұмыстаржүргізуге мүмкіндік беретін тәжірибелік-конструкторлық бюро құрылды. Бүгінгі таңда біз әзірлеген өнімдерді түрлі қызмет салаларындағы қазақстандық және ресейлік ірі компаниялар сәтті қолдануда: мысалы, құрылыста (қаржыландыруды талдау және қаражатты игеру), медицинада (импортталатын дәрі-дәрмектердің сараптамасы), мұнай саласында (ұңғымаларды бұрғылау, мұнай өндіру және айдау процестерін оңтайландыру) және т.б.», - деді Satbayev University ректоры Ескендір Бейсембетов.

МУИТ

Жұмыс сапарының соңында вице-премьер Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) болды. А. Жұмағалиевке графика, анимация, дизайн, 3D ойындар, мультфильмдер және т.б. жасаумен айналысатын 3D-зертхана,оқушылар мен студенттер арасында спорттық бағдарламалау бойынша олимпиадалар өткізілетін, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындық жүргізілетін Олимпиадалық даярлау орталығы таныстырылды.

«Жоғарғы оқу орны «Цифрлық Қазақстан – 2020» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға белсенді қатысады. Мәселен, 2016 жылы студенттердің стартап-жобаларының орталығына айналған IITU Innovation ашылды, 2017 жылы UNICEF инновациялар зертханасы, «Бозбала» робототехника жинағы, жүргізуді бағалауға арналған қосымшалар, «Қазақтелеком» хакатоны – «mail.kz шешімі», сондай-ақ қашықтықтан және смарт-оқыту орталығы құрылды. Жас креативті оқытушылардың жетекшілігімен студенттер өзидеяларын прототипке айналдырады. Мысалы, EcoStation ақылды аялдама – ол күн батареясымен жұмыс істейді, девайстарды қуаттау функциясы мен WiFi бар, қалалық инфрақұрылымда сәтті іске асырылған Starbus қоғамдық көлікті бағалау қызметі, «бионикалық қол» – III топтағы мүгедектерге арналған, қолдың 20-дан астам функциясын орындайтын протездер және т.б.», - деді ХАТУ ректоры Дамир Шыныбеков. Оның айтуынша, жоғарғы оқу орны жұмысының негізгі бағыты инновациялық технологиялар мен мемлекеттік-жекешелік серіктестікті дамытуға, АКТ-саласында және робототехникада ғылымды дамытуға, сондай-ақ одан ары коммерцияландырумен стартап-жобаларды іске асыруға бағытталған.

МУИТ2