Юстус Либих атындағы Университет оқытушылары Open Almaty-да қонақта болды

07.09.2018

DSC02804

Біздің шетелдік қонақтарымыз, біз иелігіміздегі, яғни: таудың, көлдің керемет әдемілігін, климатты, әкімшілік тұрғындарына қандай жағдай жасаса, солай бағаламайтынызды жиі айтады.

Гисен қаласының Юстус Либих атындағы неміс Университетінің экономикалық география саласында мамандандырылған оқытушылары, Алматы қаласына оның табиғи ландшафтын, әлеуметтік-экономикалық дамуын және транспорттық инфрақұрылым мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында сапар шеккен болатын.

Сапар барысында Алматы қаласы әкімдігінің OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің барлық жұмысы ұсынылды. Мәселе, Алматы қаласының кез келген тұрғыны бір жерден автомобильдік жолдар, ауланы абаттандыру, әлеуметтік жәрдемақы, салық аударымдарын есептеу, балабақшаға жолдама алу, дау немесе пікірталастарға делдалдық ету және т.б. секілді ауқымды шоғырланған мәселелермен байланысты, кез келген өмірлік жағдайларға қатысты сұрақтарды шешуге мүмкіндікке ие болуында.

«OpenAlmaty – кез келген адам үшін өте маңызды және қолайлы жоба. Өкінішке орай, бізде, каламызда мұндай жоба қарастырылмаған. Бұл қала тұрғындары үшін өте қолайлы қызмет түрі, өйткені, қандай да бір коммуналдық мәселені шешу жолында, біз, саты бойынша қаланың түпкір түпкірлеріне жол тебеміз»,-деп, транспорттық география оқытушысы Майкл Холенхост өз пікірін білдірді.

DSC02793

Оқытушылар біздің қаланы ұнатқанымен қатар, келесі жылдан бастап студенттерін таныстыру мақсатымен әкеліп, тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Қонақтар, сонымен қатар, әлеуметтік желіде OpenAlmaty-ға бағытталған игілікті пікірлермен таныса отырып, Германия қалалары мен біздің қала тұрғындарының мәдениетіндегі айырмашылықты да атап өтті. Олардың айтуынша, Германияда жергілікті билікке, олардың атқарған жұмыстары үшін, алғыс айтылмайды.

Ал біз, белсенді түрде біз туралы пікір қалдырып отырған алматылықтарымызға шексіз алғыс білдіреміз. Бұл бізді сіздер үшін одан да күшті әрекет ету жолында, шабыттандырады және ынталандырады.