15.11.2022

Алдағы уақытта маршруттағы автобустар саны 18-ге жеткізілетін болады.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығарылатын болады.

Еске сала кетсек, соңғы айларда аталған маршрутта жоспарлы шығу 30-40%-ға дейін түсіп кеткен болатын. Сондықтан маршрутты қызмет көрсету үшін басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта маршруттағы автобустар саны 18-ге жеткізілетін болады.

Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын арттыру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өткен жөн. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.