Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылатын болды.
ВАК мәліметінше, Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:
- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;
- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;
- «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;
- Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.
Дереккөз: inform.kz