«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталады

12.05.2022

Құжат қабылдау 18 мамырда басталады.

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев 12 мамырда Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында «Алматы жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау басталатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар қала әкімі құжат қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасатынын атап өтті.

«Биыл Алматыда 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Олар – медицина қызметкерлері, оқытушылар, университет және ғылыми-зерттеу институтының оқытушылары, мәдениет және спорт қызметкерлері, журналисттер, әлеуметтік сала қызметкерлері, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері», - дейді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, бұл бағдарлама арқылы үй сатып алу үшін 5% жеңілдікпен 25 жылға 18 млн теңге несие беріледі. Дегенмен несие бастапқы салым ретінде үй алушы 10% сомасын төлеу керек.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.