«Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы ұлттық конкурста үздік деп танылды

09.12.2021

Цифрландыру басқармасының «Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасы» жобасы Qazaqstan Project Management Awards-2021 байқауының бірден екі номинациясы: «Жергілікті атқарушы органдар арасындағы жылдың үздік жобасы» және «Жылдың үздік жоба менеджері» бойынша жеңімпаз атанды.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының байқауын ұйымдастырушы жоба менеджері Аида Дәрменоваға 2021 жылғы 7 желтоқсанда «Алтын сапа» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жыл сайынғы рәсімінде марапатты табыс етті.

Қатысушылардың байқау жұмыстарын академияның Халықаралық және ұлттық стандарттар бойынша сертификатталған жобалау менеджерлері қатарындағы бағалаушылар бағалады.

Байқауға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, еліміздің жоғары оқу орындары қатысты. Биыл «Үздік жоба», «Үздік жоба менеджері» және «Үздік жобалық кеңсе» номинацияларына 306 өтінім келіп түсті.

Еске салсақ, Алматының бірыңғай деректер қоймасы биыл іске қосылды, оған қалалық әкімдіктің барлық басқармаларынан, ведомстволық бағынышты коммуналдық және серіктестік ұйымдардан мәліметтер жинақталған. Оны әзірлеу кезінде Сингапурдың тәжірибесі пайдаланылды, онда ұлттық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар 30 жыл бойы осылай жұмыс істеп келеді.

 

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.