Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен кездесу барысында Жетісу ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған жасыл аймақты аралап көрді. Бұрын бұл жерде табиғи полигон болған. Бұл нысан қаланың Жетісу ауданындағы Уссурийская көшесінде орналасқан.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында біз өз идеяларымызды ұсына алдық. Көше танымастай өзгерді, жайлы және тұруға тартымды болды», - деп атап өтті жергілікті тұрғын.
Жоба аясында бір шақырымнан астам тротуар салынды, ауданы 220 ш. м. футбол алаңы жабдықталды, сондай-ақ 750 ш. м. аумағында балалар және спорт алаңдары орнатылды.
Жобамен танысқан Ерболат Досаев мегаполис тұрғындары үшін қолайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Өз кезегінде аудан тұрғындары қала басшысына ересектер мен балалардың демалуына, жайлы серуендеуге қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді. Олардың өтініштері бойынша биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Крылов, Омаров, Боткин, Бөкейханов, Назарбаев, Райымбек даңғылдарындағы скверлерге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
«Қалада бос жер учаскелері жоқ, сондықтан келесі жылы біз саябақ немесе сквер қалыптастыру үшін тіпті шағын учаскелерге ағаш отырғызуды бастаймыз. Біз 5 немесе 10 акр жер учаскелерін қолданамыз, оларды абаттандырып, серуендеуге арналған орындарға айналдырамыз. Мұндай бағдарламаны бүкіл қала бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында.
Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.