Қалада тұрақты су басатын 56 учаскенің 8-і Жетісу ауданында орналасқан.
Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы халқымен кездесуінде ауданды су басу мәселесі әлі өзекті болып отырғанын айтты.
Қала әкімінің айтуынша, қалада тұрақты су басатын 56 учаскенің 8-і Жетісу ауданында орналасқан.
«Осы 8 учаскені су басу мәселесін шешу үшін қала әкімдігі төтенше жағдайлар желісі бойынша осы жылдың тамыз айында 7,2 км арық салу, 2,2 км коллекторларды қалпына келтіру және Есентай каналының 2,5 км бөлігін тазарту жұмыстарын бастады. Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр«, - деп мәлімдеді мегаполис басшысы.
Оның айтуынша, ауданның өз күшімен биылғы жылдың маусым айында 27 мекенжайдағы арық желісінің өткізу қабілетін жақсарту үшін 4,4 км арық желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 3,2 км арық салынды. Қалған 1,2 км осы жылғы қазан айының соңына дейін аяқталатын болады.
Дереккөз: Almaty.tv.