12.01.2023

Ережелер жобасы жуырда Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын болады.

Мегаполисте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың төрағалығымен Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты мен Қоғамдық кеңесінің депутаттары, сондай-ақ белгілі ғалымдар, көгалдандырушылар мен эко-белсенділердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Жиында Алматы қаласы аумағында өсетін жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Ережелерінің жобасы талқыланды.

Ережелер жобасында алғаш рет суару, оның ішінде суару жүйесін ұйымдастыру, жасыл желектерді зиянкестер мен аурулардан биологиялық өңдеу, неғұрлым сапалы отырғызу материалдарын таңдау, объектілерден ағаштарға дейінгі ең аз арақашықтықты сақтау, ағаштарды санитарлық және қалыптап кесу, аумақтарды салу немесе реконструкциялау туралы шешімдер қабылдау кезінде міндетті түрде қоғамдық тыңдау өткізу жөніндегі негізгі нормалар мен талаптар енгізіледі.

Жаңа Ережелерге сәйкес, өтемдік екпелер кезінде биіктігі кемінде 2,5 м кесекпен немесе биіктігі кемінде 2 м қылқан жапырақты ағаштарды үш жыл бойы одан әрі күтіммен кесекпен отырғызу қарастырылған.

Бұдан басқа, Ережелермен жасыл желектер бар аумақта жұмыс жүргізетін құрылыс компанияларына қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Құрылыс ұйымдары жұмыстарды жүргізу кезінде жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз ететін талаптарды орындауға міндетті: ағаштар мен бұталардың өздерінен тыс қалуын ескере отырып, құрылыс алаңдарын қоршап, сақталған ағаштарды бағаналар ретінде пайдалануға, осы ағаштарға қандай да бір зақым келтіруге, тамырлардың ашылуына және магистральдық шеңберлерді жермен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен толтыруға жол берілмейді.

Ережелер жобасы Алматы қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын болады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.