Жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын »Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.
2023 жылдан бастап жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Жоғары марапатқа 18-29 жас аралығындағы авторлар ие бола алады. Бұл туралы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, министр жас әдебиетшілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.
«Біз »Жаңа қазақ әдебиеті» атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен жаңа идеяларын қолдайды. Одан бөлек, жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын »Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз«, - деді Дәурен Абаев.
Дереккөз: Almaty.tv.