Жаңартылған iAzamat мобильді қосымшасын App Store және Google Play-де жүктеуге болады

07.12.2020

Құрметті Алматы тұрғындары! 

Жаңартылған iAzamat мобильді қосымшасын App Store және Google Play-де жүктеуге болады.

Бета тестілеуге белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз – сіздердің барлық ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз бен тілектеріңіз маңызды әрі жобаны іске асыруда ескеріледі.

iAzamat функционалы:

  • әртүрлі қалалық құрылымдардың (аудан әкімдіктері, басқармалар және т.б.) өзекті күн тәртібіндегі сауалнамалары мен дауыс беруге қатысу;
  • қаланың тыныс-тіршілігі туралы жедел және шынайы ақпарат алу;
  • белсенді пайдаланушыларға арналған бейілділік бағдарламасын қамтиды.

Мобильді қосымшаның мақсаты – қала әкімшілігінің қарапайым шешімдерден бастап (ауланы қалай көгалдандыруға болады, көше жарығын қайда орнату керек), ауқымды шешімдерді (жаңа қоғамдық кеңістіктер құру, көше атауын өзгерту және т.б.) қабылдау процесіне тұрғындарды тарту. Алматылықтар таңдаған шешімдерді әкімдік жүзеге асырады.

Пайдалану барынша ыңғайлы болу үшін функционал мүмкіндіктерін кеңейту жұмысы жалғасуда. Таяуда «Проблема туралы хабарлау» функциясы, push-хабарламалар және т.б. қосылады.