Жаңа құрылған 3 облыстың көлік нөмірінің өңірлік коды белгілі болды

22.06.2022

Көлік нөміріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды:

  • Абай облысы – 18;
  • Жетісу облысы – 19;
  • Ұлытау облысы – 20.

Көлік нөміріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктің өңірлік коды мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20»,- деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.