06.04.2017

-Ал сен, урбанистсің бе?

- Иә, мен қаланы жақсы көремін.

(»Журналист» фильмінен, 1967 ж.)

Урбанистер дегеніміз бұлар кімдер? Урбанист болу үшін тек қаланы жақсы көру үшін жеткілікті ме? Осы және басқа да өзекті сұрақтарға біз жауап іздедік.

Урбанистика - бұл өз алдына қаланың тіршілік әрекеті үрдістері туралы ілім. Бұл ұғым өздігінен емес, урбанизация процесінде пайда болды, яғни адамдардың ауылдық жерлерден қалаға көшуі салдарынан. 1800 жылы қалада халықтың 2%-дан астамы ғана мекен етті. 200 жылдан астам уақыт өткеннен кейін, 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемде алғаш рет қалалық үстемдік орнағанын жариялады.

Мүмкін, урбанист - бұл мамандық емес, қызмет түрі емес, құзыреттілік саласы ретінде қарастыру жөн болар. Бұл әлеуметтанушы, географ, сәулетші және басқа да заманауи тұрғыдағы  қала тұрғынына қажетті іргетас. Урбанистика – бұл тек саябақтар, орындықтар, тротуарлар мен трамвайлар ғана емес екендігін түсініп алу қажет. Урбанистика - бұл қаладағы өмір мен байланыс туралы, ол адамдар туралы.

Өзекті құбылыс бізді де айналып өтпеді. Қазақстандағы алғашқы урбанистика Орталығы Алматы қаласын дамыту орталығында пайда болды. Урбанистика Орталығының негізгі міндеті - қала тұрғындары мен қала әкімшілігі арасында диалог құру арқылы  қаланың жайлылығын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Орталықтың алғашқы және маңызды жобаларының бірі трамвай депосы аумағындағы қоғамдық кеңістіктің ең үздік тұжырымдамасына конкурс өткізу болды. Тағы бір ірі жоба - қалалық саябақтарды, гүл бақтарын, бульварларды, аллеяларды және тоғайларды ауқымды зерттеу. Зерттеу нәтижелері бойынша 22 саябақты, аллеяларды және желекжолдарды қайта жаңарту үшін нобайлық жобалар жасалды. Алдағы уақытта велосипед және жүгіру жолдары желілері бар қалалық жасыл дәліз құру мқсатында қалған саябақтардың эскиздерін әзірлеуді жалғастыру жоспарлануда.

Урбанистика орталығы қалалық зерттеулер жүргізеді, қоғамдық бастамаларды қолдайды, ашық шеберханалар мен мастер-кластар ұйымдастырады,қалалық кеңістіктер мен қаланың жайлы тұрмысын дамыту үшін кәсіби қауымдастықтармен тәжірибе алмасуды жүргізеді.

Егер сіз қала мен қала тұрмысына бейжай қарамайтын болсаңыз, қаланы жақсарту мақсатында өзгертулерге қатысты қызықты идеялар мен жобалар болса, urban@almatydc.kz мекенжайына жазуыңыз сұралады.