11.11.2024

Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған 1200 оқушыға арналған мектеп ғимараты 20 жылдан астам уақыт бойы  күрделі жөндеу жүргізілмеген. Алдында болған жұмыс сапары кезінде қала басшысы мердігерге бірқатар тапсырмалар берген  еді,атап айтқанда, ғимараттың кіреберіс тобын кеңейту, іргелес аумақта арықтарды жабдықтау. Қолданылатын материалдардың сапасына және мектептің заманауи жабдықталуына ерекше назар аудару.

Қала басшысының айтқан ескертулерінен соң жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат сейсмикалық күшейтілді, шатыр, жылу жүйесі, сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді. Оқу орнының аумағы абаттандырылды, спорт стадионының негізі қайта қалпына келтірілді. 

Сондай-ақ, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша денешынықтырумен айналысу үшін шағын футбол және баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған алаң, ашық ойындар мен тренажерлер орнатылды. Мектептің периметрі бойынша қоршаулар ауыстырылды.       

Мектеп оқушылары барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 6 қарашада жаңартылған ғимараттың парталарына оралды.

«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мектептер, балабақшалар салу және оларды жаңғырту – біз жүргізіп жатқан жұмыстың басымдығы. Қалада шағын аудандарда салынған мектептер заманауи стандарттарға әкеледі. Мысал ретінде №9 мектеп болып табылады және осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп атап өтті Ерболат Досаев. 

Алматы қаласының Әуезов ауданында барлығы 55 мектеп бар, оның ішінде 33 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп, онда 59 мың оқушы оқиды. Мұнда алғашқы жайлы мектеп қыркүйек айында ашылды. Жаңа мектеп № 97 мектеп-гимназияның орнына салынды. Бұрынғы ескі мектеп 60 жылдан соң апатты деп танылды және бұзылды.