Сумен жабдықтау, жол инфрақұрылымы, абаттандыру – Медеу ауданы әкімінің халықпен есеп беру кездесуі қалай өтті

08.02.2021

4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту, газбен жабдықтау желілерінің құрылысы, Open Space азаматтарды онлайн қабылдау: Алматыда Медеу ауданы әкімінің есеп беру кездесуі өтті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» қағидаты бойынша қаланы дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Медеу ауданында тұрғындардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту шаралары қабылдануда. Халықпен есептік кездесу барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, үш сағаттық эфир барысында қала тұрғындарының 70 сұрағына жауап берді.

Сумен жабдықтау және су бұру

«Алматы-2050» даму стратегиясына сәйкес біздің алдымызда Ақ қайың, Көлсай, Сұлусай, Алатау, Мұзтау, Думан, Кеңсай шағынаудандары мен Каменское плато тұрғын алабын дамыту міндеті тұр», - деп атап өтті аудан әкімі.

Осы мақсатта Медеу ауданында инженерлік желілерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Думан ш.а. жалпы ұзындығы 44,5 км болатын сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін төсеу бойынша жұмыс аяқталды. Қазір су құбырларын сығымдау және кәріз жүйелерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Осыған ұқсас жұмыстар Мұзтау, Көлсай ш.а. да жүргізілуде. Каменское плато ш.а. жалпы сомасы 300 млн теңгеге резервуар салынып жатыр. Широкая щель ш.а. жалпы ұзындығы 3 км 0,4 кв электрмен жабдықтау инженерлік желілерін тарту, мондай-ақ 3 трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстыру мен 4 қосымша қосалқы станцияны орнату жұмыстары аяқталды.

Жаяу жүргіншілер аймағы: ауданды абаттандыру бойынша жобаларды жүзеге асыру

Ауданды абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, Кіші Алматы өзені жағалауына күрделі жөндеу жүргізілді, 6 сквер мен бульварда балалар алаңы мен спорт кешендері қайта жаңартылды. Талғар трактісінің Тіксай өзенінен қала шекарасына дейінгі жаяу жүргіншілер аймағына ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Сонымен бірге, қалалық басқармалар арқылы ауданда келесі жұмыстар атқарылуда:

Кіші Алматы өзенінің жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру («Республика сарайынан» Гоголь көшесіне дейін). Жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған.

Есентай өзенінің жағалауын қайта жаңарту (Жамақаев көшесінен суайрыққа дейін), жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Тіксай өзенінің арнасын қайта жаңарту, жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақты жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Бөгенбай батыр көшесінің бойымен Кіші Алматы өзенінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Жамбыл көшесінің жаяу жүргіншілер аймағын Пушкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Ауданда 7 мыңнан астам адам тұратын 129 ескі үй бар. 2015-2019 жылдар аралығында 175 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. 2023 жылға дейін 223 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 2013-2019 жылдар аралығында 174 лифт ауыстырылды. 2025 жылға дейін 50 лифтіні жаңғырту және реконструкциялау жоспарда бар.

Жарықтандыру

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың көшені жарықтандыруға қатысты тапсырмасы аясында Достық даңғылы бойынша сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Шамдардың саны 1148 дана, ұзындығы – 24 км, бағана -775 бірлік.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда Гурилев, Сәрсенбаев, Говоров, Щучинская, Бурабай көшелеріне 76 сыртқы жарықтандыру бағанасы орнатылды.

Сонымен қатар жарықтандырылмаған және ішінара жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларға алдын ала есептеу жүргізілді. Аудан бойынша 273 көше аталған тізбеге енгізілген. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қолданыстағы МЖӘ жобасы аясында сыртқы жарықтандыру желілерін салу келесі жылға жоспарланған.

«Бюджетке қатысу»

«Бюджетке қатысу» жобасы аясында жалпы сомасы 334,3 млн теңгеге 7 жоба іске асырылды, 145 жұмыс орны құрылды:

- Бутаковка ш.а. Бейсеуов к-сі учаскесін абаттандыру;

- «Думан-2» ш.а. скверді абаттандыру;

- «Жарбұлақ» өзенін қоршау;

- Атырау ш.а. Рысқұлов д-лы учаскесін абаттандыру;

- Алатау ш.а. Ибрагимов к-сі учаскесін абаттандыру;

- «Самал-1» ш.а. скверді абаттандыру;

- 3 жерасты өткелінде 8 көлбеу көтергіш орнату.

Өткен жылы тұрғындар Медеу ауданы бойынша жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 83 жобалық ұсыныс орналастырған болатын. Сараптамалық комиссия отырысының және тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша 2021 жылға 798 млн теңге сомасына 20 жоба жіберілді.

Газдандыру

Бүгінгі таңда Медеу ауданы 95% газдандырылған. Инвесторлар есебінен жалпы ұзындығы 738 метр болатын 39 үйге арналған газбен жабдықтау магистральдық желілерінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ инвестормен жалпы ұзындығы 1250 метр болатын 50 үйді газға қосу мәселесі пысықталуда. Есептік кезеңде 7 үй қосылды, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ «Ski Resort» туристік базасын газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 3 200 метр магистралды газбен жабдықтау құбыры монтаждалды.

Жұмыспен қамту

Жұмысқа орналастыруға келетін болсақ, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша жыл басынан бері 4169 адам жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Медеу ауданы бойынша 9 жоба анықталды. 345 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 174 адам жұмысқа орналастырылды, электрондық еңбек биржасы арқылы 184 адаммен еңбек келісімшарты жасалды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: пандемия жағдайында тұрғындармен онлайн кездесу

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік желілердің белсенділігін ескере отырып, Фейсбук, Инстаграм, WhatsАpp мессенджері, интернет-ресурстар арқылы халықпен өзара әрекеттестік жүзеге асырылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 25 желтоқсанына дейін әлеуметтік желілер, WhatsАpp және Open Almaty арқылы 7826 өтініш түсті.

Медеу ауданы әкімдігінің жанынан «Алматы-Адалдық алаңы» жобасы аясында келушілерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған Open space кеңсесі ашылды. Бұл бір терезе қағидаты бойынша тұрғындар сұрақ  қойып, жедел жауап ала алатын алаң. Кез келген адам мамандардың кеңесін алдын ала жазылусыз ала алады. Кеңседе өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған орын жабдықталған, онда тұрғындар ЭЦҚ кілті көмегімен ХҚКО-ның бірқатар қызметін ала алады.

Сонымен қатар Open space кеңсесі алаңында аудан тұрғындарымен онлайн кездесу жүйесі іске қосылды. Ауданның барлық салалық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі