Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясында алғашқы көлік Алматыда тіркелді

23.01.2023

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді.

Бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.

«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым», – деді Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.