Сағынтаев коронавирусқа қарсы күрес ахуалын бірге түбегейлі жеңуге шақырды

18.08.2021

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды COVID-19-ға қарсы екпені тезірек қабылдауға шақырды, қалалықтарға «Спутник V» және QazVac және Vero Cell вакциналары ұсынылады.

«Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарымен апта сайын байланысқа шығатын қала әкімі Б. Сағынтаев қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. 18 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте коронавирус инфекцияның 125 530 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 104 950 симптомды және 20 580 симптомсыз, 2133 анықталмаған пневмония жағдайы.

«1 қыркүйектен бастап 300 мыңға жуық мектеп оқушылары, 68 мың колледж студенттері, 170 мың жоғары оқу орындарының студенттері офлайн оқуды бастайды. Біз балаларымызды тәуекелге ұшыратпау, оларды аурудан қорғау, қалада инфекцияның жаңа өршуінің алдын алу үшін әркімнің жеке жауапкершілігі туралы ойлануымыз керек», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

17 тамызда бір тәулікте коронавирус инфекциясының 1403 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1319 симптоммен және 84-і симптомсыз. Анықталмаған пневмония - 3. Қуаттылығы 8 910 төсек-орын болатын инфекциялық стационарларда 6 074 науқас, оның ішінде 188 бала емделуде. Ауруханаға жатқызылғандардың жалпы санының 235-інің жағдайы өте ауыр, 2046-сы ауыр, 3793-і орташа ауырлықта. Емделіп шыққандар – 603, түскендері – 771. Жансақтау бөлімдері мен интенсивті терапияда 434 жатыр. ӨЖЖ аппаратына - 65, инвазивті емес ӨЖЖ аппратыда - 188, High flow аппаратына 194 науқас қосылған.

Бүгінде АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйде 13 532 науқасты бақылауда, олардың 543-і симптомсыз, 12 687-сі жеңіл, 301-і орташа ауырлықта. Стационардағы емделушілердің жалпы санынан 1462 науқас емделіп шықты әрі қарай амбулаториялық жағдайда емделеді және оқшауланады.

18 тамызда вакцинаны 823 223 адам алды, оның ішінде 5202 полиция қызметкері, 27 766 мұғалім, 32 395 медицина қызметкері. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 108 775 адамды (13,2%) құрайды. Бүгінде 648 959 адамға екі компонент егілді.

Бүгінде медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО 167 вакциналау пункті жұмыс істейді. Бұларда 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жасауда. Бүгінде ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және қытайлық жаңа Vero Cell вакциналары салынуда.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі