Сағынтаев Алматыда азық-түлік өнімдерінің бағасын қалай ұстап тұруға болатыны туралы айтты

14.07.2021

«Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты.

Шілденің бірінші аптасында ТБИ 0,4%-ға төмендегені байқалды, бұл қаланың позициясын 4 тармаққа (5-тен 9-ға) төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткішке жедел және стратегиялық шаралар арқылы қол жеткіздік.

Мәселен, жеңілдетілген несие бойынша жалпы сомасы шамамен 8 млрд.теңге берілді. Сауда желілері мен өндірушілер қатысты. Мысалы «Magnum Cash & Carry» ЖШС-ға 12 атаулы ӘМАТ-ті (ұн, күріш, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері, қант, күнбағыс және сары май, айран, сүт, сүзбе, тауық еті және сиыр еті) осы жылдың соңына дейін белгіленген бағамен алуға және ұйымдастыруға 3,1 млрд тг бөлінді.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін 10 ӘМАТ (ұн, күріш, нан, макарон өнімдері, күнбағыс және сары май, айран, сүзбе, тауық еті, тұз) «Тоймарт» сауда желісінің сөресінде сараланған бағаны белгілеу үшін 245 млн теңге осы мақсатқа пайдаланылады.

1 млрд. тг - «Ақсай «ХБК» ЖШС 23,8 мың тонна нанды белгіленген нақты бағасымен жеткізу үшін 75 тг/бөлке осы жылдың желтоқсан айына дейін.

800 млн тг – «Алсад Қазақстан» ЖШС-не 49,6 млн. жұмыртқа жеткізу үшін белгіленген нақты бағасы 400 тг/ондаған 3 жыл ішінде.

«Union Products» ЖШС-не 2730 тонна ет өнімін (1365 тонна сиыр еті мен тауық еті бойынша) 132 дүкенге белгіленген баға бойынша (2050 – сиыр еті, 782 тг-тауық еті) 2022 жылдың наурызына дейін жеткізу үшін 250 млн тг берілген.

«Асыл Meat» ЖШС-нің 6 фирмалық дүкендеріне 2022 жылдың маусымына дейін 2050 тг/кг бағамен 90,5 тонна сиыр етін жеткізу үшін 88 млн тг берілді.

255 тг/кг-нан 5 мың тонна қант жеткізу үшін ірі қант өндіруші – «Меркі қант зауытына» «айналым» заемын беру пысықталып жатыр.

Қаланың жеті негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) «әлеуметтік дүкендер» жұмыс істейді. Бұл базарларда ӘМАТ-тың 10 түрі (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон өнімі, ұн) орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады, бұл сатушылар арасында бәсекелестік ортаны қалыптастырады және халықты қолжетімді бағамен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылғы 24 маусымда Алматы қаласы мен Алматы облысының өңіраралық кооперациясы аясында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Алматы облысына жасалған сапар қорытындысы бойынша «JLC Сүт» ЖШС-мен «Магнум» сауда желісіне сүт, сүзбе өнімдерін жеткізу жөнінде келісім жасалды. Сонымен қатар «Naz-Dana» ШҚ Small және Toimart сауда желілеріне 1 тонна пияз жеткізеді. Сондай-ақ, «Алатау құс» компаниясынан 820 тг/кг-нан 1200 тонна тауық етін сатып алуға өнім жеткізу үшін 1 жылға 1 млрд. теңге сомасына «айналым» қарызын беру мәселесі қаралып жатыр.

Сонымен қатар картоп пен сәбіз бағасының өсуіне байланысты жедел түрде Түркістан облысынан көкөністерді тікелей жеткізу мәселесі шешілді. Бұл картопқа көтерме бағаны 260 тг/кг-нан 125 тг/кг-ға дейін, сәбізге 450 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Болашақта нарықтың толығуына байланысты бағаны төмендету тенденциясы сақталады.

2021-2022 жж. маусымаралық кезеңде «Магнум» және басқа да сауда желілерінде сату үшін 2,5 млрд. теңгеге 22 мың тонна көкөністі сатып алуға «форвардық» келісім жасалды.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі