РФММ ғимаратын қайта жаңғырту нысанына көшпелі тексеріс жүргізілді

21.02.2026

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Берденов қалалық нысандарды жұмыс сапарымен аралап, соның аясында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Республикалық физика-математика мектебінің ғимаратына барды.

Тексеру барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатысты бірқатар ескертулер айтылды. Мердігер ұйымға жобалық шешімдердің сақталуын қамтамасыз етіп, сапа бақылауын күшейту тапсырылды.

Аталған ескертулердің орындалуы бақылауға алынды.