Ресейде оқитын қазақстандық студенттер egov сайтына тіркелуі керек

11.04.2022

Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттер МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін электронды үкімет сайтына тіркелуі қажет.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін тұлғалардың жарнасын мемлекет қамтамасыз етеді.

Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігінде атап өтілгендей, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстанда студент ретінде тіркелмегендіктен департаменттің ақпараттық жүйесінде жоқ. Тиісінше олар міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызмет ала алмай отыр.

«Осыған байланысты студенттер egov.kz электронды үкімет порталының «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөліміне өтініш беріп, растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) қоса беруі қажет»,- деді Білім және ғылым министрлігінде.

Өтініш беру үшін:

  • Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге кіріңіз;
  • «Қызметтер» бөлімінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;
  • Өтінімді толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS пароль арқылы қол қойыңыз;
  • Өтінішті өңдегеннен кейін өзіңіздің жеке кабинетіңізде хабарлама аласыз.

Деректер тиісті органмен тексеріліп, студент мәртебесі жаңартылғаннан кейін сессияның соңына дейін деректер сақталады.

Әр сессиядан кейін студент egov.kz электронды үкімет порталында қайта тіркелуі керек.

 

 

 

Дереккөз: Zakon.kz