17.05.2021

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының қызметі басталғаннан бері (2019 жылдың қыркүйек айынан бастап) кәсіпкерлік негіздерін 10 мыңға жуық тыңдаушы оқыды, 105 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетілді, 44,3 млрд теңгеге болатын 88 жоба қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 678 рұқсат құжатын алуға көмек көрсетілді. 2021 жылдың басынан «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген 2 753 кәсіпкерді оқытты, 12 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсетті, 2,1 млрд теңге сомасына 23 жобаны қаржыландыруға дейін сүйемелденді, 144 рұқсат құжатын алуға көмек көрсетілді, 209 бизнес-жоспар әзірленді.

«Біздің орталық кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеу қағидаты бойынша жұмыс істейді - идеяның пайда болу сәтінен бастап, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, бизнес-жоспар жазу, кейіннен қаржы тарту, жобаны іске асыруға дейін сүйемелдеу. Сонымен қатар біздің орталықтың менеджерлері жер, сәулет, инженерлік және қызметті лицензиялау мәселелері бойынша рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес береді. Салалық бөліністе біз сүйемелдейтін жобалардың басым бөлігі жеңіл, тамақ, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салаларына жатады. Біз көрсеткен консультациялық қызметтің нәтижесінде қалада тігін ательесі, білім беру орталықтары, кондитерлік дүкендер, кофеханалар, сұлулық салондары, үй маңындағы дүкендер, спорт клубтары, ішкі туризм, агробизнестегі инновациялар бойынша жобалар және т.б. ШОБ нысандары ашылды», - деді «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Серік Мамытов.

«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының басты міндеті – кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жан-жақты көмек көрсету.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі