Ақпанның 2-сінен 23-іне дейін iAzamat қалалық мобильдік қосымшасында Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауын дамыту бойынша тұрғындардың үздік ұсыныстарына дауыс беру мен идеяларын талқылау жалғасады.
Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауы 2017 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Оған фронт-офис, қалалық ақпараттық портал және байланыс орталығы кіреді. Жоба Алматы қаласы басшылығының бастамасымен және Smart Almaty тұжырымдамасы аясында іске асырылды.
Open Almaty-ның басты міндеті – кедергісіз орта құру, мемлекеттік органдардың халыққа есеп беруі, қала тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты мәселелерді шешу.
Тұрғындар Open Almaty-ға хабарласудың өздеріне ыңғайлы тәсілін таңдай алады: 1308, 338 33 88 байланыс орталығы, open-almaty.kz порталы, Instagram Facebook, Twitter-дегі @openalmaty аккаунттары. Сондай-ақ инфрақұрылымы жақсы дамыған қала орталығында фронт-офисі бар (метро, қоғамдық көлік аялдамалары, велосипед пен электросамокатты жалға беру пунктілері).
3 жыл ішінде Open Almaty-ға тұрғындардан 628 мың өтініш түсті – 80% бірден шешілді. Өтініштердің жалпы санынан 76%-і Open Almaty байланыс орталығы (1308, 338-33-88), 15%-і әлеуметтік желілер және 5%-і портал арқылы жолданды.
Өткізілетін талқылау мен дауыс берудің мақсаты – тұрғындар мен Open Almaty арасындағы өзара әрекеттестікті неғұрлым тиімді, жайлы және ыңғайлы ету.
Қатысамын деушілер iAzamat мобильді қосымшасында тіркеуден өтуі қажет, ол App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді.