Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді. Онда балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарлануда.
Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған.
Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі